Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі.

Жас ұрпақты жан-жақты дамыту мақсатында ауданымызда 2021 жылдан бастап «STAR KIDS» шығармашылық орталығы жұмыс жасауда. Шығармашылық орталықтың директоры Талап Дәуітұлының бастамасымен шығармашылық топ мүшелері «Атадан Мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты халықаралық байқауға қатысып келді. Байқау қорытындысы бойынша вокал үйірмесінің мүшесі Нұрай Зауренбек (жетекшісі Жандос Әдікенов) жүлделі үшінші орын иеленді. Жандос Ануарұлы жас болса да таланты да дарынды өнер иесі. Жалпы шығармашылық орталықта шәкірттерінің бойындағы талантты аша білетін ұлағатты ұстаздар еңбек етуде. Сондай ұстаздың бірі Қаратал ауданының Құрметті азаматы, өңірімізге танымалы суретші Айнолла Абылхановтың шәкірттері атап айтсақ, Аяулым Калиева, Регина Ченгина, Дарья Колобова жүлделі орындарға ие болды. Сондай ақ ұстаз Назия Абылханованың шәкіртері Рамазан Ермекұлы, Аяла Жанат, Елжан Рыскелді домбыра жанры бойынша үшінші дәрежелі дипломмен марапаталды. Осындай жетістіктер шығармашылық топтағы білімді де білікті әрі өнерлі ұстаздардың арқасы деп білемін. Қашанда кез-келген шәкірт жеңісі ұстаз жемісі екенін анық.

Бүгінде өз маңдай терімен еңбек еткен адам ғана асуларды бағындыра алары сөзсіз. «STAR KIDS » шығармашылық орталықтың директоры Талап Дәуітұлы жас болса да оның ұжымдағы еңбегі зор. Ол шығармашылық топтың оқушыларына қолдау көрсетіп, ұжымның береке-бірлігін, ынтымағын арттырып отырған әділетті басшы. Болашақ жастардың ертеңін ойлаған қамқоршы жан.

Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.

Шұға ҒАБДҰЛКӘКІМҚЫЗЫ, « START KIDS» шығармашылық орталығының шешендік өнер пәнінің мұғалімі

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *