Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №46 бұйрығына сәйкес, жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айға дейін. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 (үш) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 (жиырма тоғыз) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинет» арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыруға электрондық өтінім беру арқылы ұйымдастырады. Жұмыс беруші өтінімде мынадай мәліметтерді: Ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес кәсіпті, жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, білім деңгейін, кәсіби дағдыларды, жұмыскерлердің нақты санын, бос жұмыс орындарының болуын, қосымша жұмыс орнын құру мүмкіндігін көрсетеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші арасында жастар практикасын ұйымдастыру үшін шарт жасалынып, шарттың негізінде жұмыс беруші жастар практикасын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде жастар бойынша бос орындарды электрондық еңбек биржасында жариялайды.
Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) немесе Ұлттық кәсіптер жіктеуішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіпке (мамандыққа) сәйкес келуі қажет. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысатын жұмыссызбен Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шартын жасады. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмыссызбен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты енгізеді. Жұмыс беруші жұмыссызға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді.
Жұмыссыздардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды немесе бүгінгі күнге 103 500 теңге.
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
Жас түлек! Егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандығыңыз бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға мүмкіндігіңіз бар.
Анықтамалар үшін: Үштөбе қаласы, Құсмолданов к-сі, 21, тел. 21248, 21839.
Ақжайық КІЛТБАЕВА, Қаратал ауданы әкімдігініңх алықты жұмыспен қамту орталығының директоры