«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады (толық автоматтандырылған); көрсетілетін қызметті беруші «Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды: кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім; не бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Қосымша ақпаратты азаматтар 22364, 21730 телефондары немесе Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы 9, №5 кабинет (аудан әкімдігінің ғимараты) мекен-жайы бойынша ала алады.
А. ТЛЕУБАЕВ, Қаратал аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы