Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Осы ретте Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ынталы орта мектебінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің координаторы Д.Ауданбаев, психолог А.Нурахметова, Алакөл АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Аппасов, Алакөл АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Тұрсынғали, Ынталы орта мектебінің директоры С.Басқанбаева қатысты.
Іс шарада отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, пайдалы ақпараттар берілді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет,
тілдерді дамыту және спорт бөлімі