Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында алдағы депутаттар сайлауының 10 жаңалығын атап көрсетті.

2023 жылы 19 наурызда өтетін бұл сайлаудың басты он ерекшелігі:

• 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);

• Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік туды;

• Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды;

• Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;

• Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;

• Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;

• Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі;

• Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;

• Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;

• Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).

«Қаратал-Ақпарат»

(Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі)

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *