Жуырда аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының аудандық конференциясы өтті.  Конференцияның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын  талқылау және «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық партия филиалы конференциясына делегеттарды сайлау мәселесі талқыланды. Конференция барысында «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының  атқарушы хатшысы Алмас Байғұнысов «АМАNАТ» партиясы халықтың сеніміне сүйене отырып, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде бірігуге шақырады. Ол өз сөзінде «Біздің мақсатымыз – әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделері қорғалатын, адал еңбек пен білім әрбір адамға өз жоспарын жүзеге асыруға және табысқа жетуге мүмкіндік беретін демократиялық, әділ және гүлденген мемлекет құру» – деп атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Жандос Теңелбаев: – Біз барлық тәжірибеміз бен қабілетімізді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған түбегейлі реформаларды табысты іске асыруға бағыттаймыз, – деді. БПҰ-ның  мүшелері арасында да пікір алмасулар болды. «Үштөбе» Бастауыш партиясының төрағасы Ғалымбек Ибраев «Мемлекет егемендігі мен аумақтық тұтастығы – ел болашағының басты кепілі» – деп өз пікірін білдірсе, «Тастөбе» Бастауыш партиясының мүшесі Бағлан Наурызбаев «Мемлекеттік басқару жүйесі ашық, түсінікті әрі қоғамдық бақылауда болуы тиіс» – деді.

 

«Қаратал-Ақпарат»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *