Кемел ТОҚАЕВ 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. 1960-1977 жылдар аралығында «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Хабаршысы» ресми басылымының бас редакторы, 1980-1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Кемел ТоқаевҰлы Отан соғысына қатысқаны үшін І және ІІ дәрежелі орденмен, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби байқауларда 1956, 1972, 1977, 1980 жылдары төрт мәрте лауреат атанған. , екі рет «Ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталары, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасы, КСРО Ішкі істер министрлігінің омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған. Кеңес Қарулы күштері туралы 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан. «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы. Жазушының ең алғашқы кітабы «Жұлдызды жорық» деген атпен 1954 жылы жарық көрді. Бұдан басқа «Қыс қарлығашы», «Болашақ туралы ойлар», «Арнаулы тапсырма», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті», «Ұясынан безген құс» атты шығармалары бар. Кемел Тоқаев – қазақ детективінің негізін қалаушы. Жазушының «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» сынды шығармалары оны бұл жанрды биік көркемдік деңгейге жеткізген дара автор ретінде танытты.