Белгілі жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың туған күні қарсаңында қаламыздағы К.Тоқаев атындағы орта мектебінде оқушылар арасында дебат-пікірталас ойыны өтті. «Алға» дебат орталығының ұйымдастыруымен өткен мектепішілік шараға оқу ордасының 7-9 сынып оқушылары қатысты. «Интернет кітапты алмастыра алады ма?» тақырыбын көтерген дебатта «Жалын» және «Бәйтерек» тобының балалары шараға белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Олардың бірі нақты дәлелдермен кітаптың пайдасын айтса, бірі ғаламтордың шексіз мүмкіндіктерін жеткізді. Жалпы сан алуан пікірлер айтылды. Оқушылар қазіргі уақытта жеткіншектердің кітап оқымайтынын алға тартып,  интернеттің пайдалы тұстары мен зиян жақтарын да саралады. Шара қорындысында балалар кітаппен дос болу керектігін ойға түйіп, кітаптың берер пайдасы мен ақылы ұшан теңіз екенін аңғартты. Оқушылар Абай атамыздың «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деген сөзін жадымызда ұстаймыз десіп, тарқасты.

 

Альбина ИСКЕНОВА, К.Тоқаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, «Алға» дебат орталығының жетекшісі

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *