Аудан әкімі Ұлан Досымбеков өңірдегі бірқатар нысандар мен мекемелерді аралап, жұмыс барысымен танысуда. Қаламыздағы кәріздік тазарту қондырғысының жұмысын көріп, бүгінгі күнге дейін шешімін таппай, қордаланып қалған мәселелер баршылық екенін сараптап, әріптестерімен бірлесе атқарар жұмыс нәтижесінде көтерілген мәселелердің шешім табуына ықпал етпек.

Сонымен қатар өңір басшысы «Жылыту орталығы» ЖШС мен «Таза су» МКК тыныс-тіршілігімен танысты. Алдағы 2024-2025 жылдары арнайы жоба жасалып, орталықтандырылған қазандық шаруашылығын қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыру барысы қаралды. Жалпы ауданның әлеуметтік маңызды нысандарының мәселелеріне басты назар аударған Ұлан Әлдибекұлы бірқатар мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту бағытындағы ұсыныстарын білдірді.

«Қаратал-ақпарат»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *