Құрметті аудан тұрғындары!
Биылғы жылы ауданымыздың орталығы Үштөбе қаласында тарихи-өлкетану музейі ашылады. Осыған орай, өздеріңізде сақталып қалған көне бұйымдар, құнды жәдігерлер, тарихи жазбалар, өлкеден шыққан белгілі тұлғалардың жеке заттары мен деректі құжаттары сақталған болса музейдің қорына өткізулеріңізді сұраймыз.
Толық ақпарат алу үшін «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуларыңызға болады.
Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі №21 сервистік әкімдік ғимаратының 2-ші қабаты №6 кабинет.
Байланыс телефондары: 8/72834/2-01-23, 87007394200.
Ұйымдастыру комитеті