Өңірімізде жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2726 бірлік, оның ішінде 140 заңды тұлға, 1357 жеке кәсіпкер, 1229 шаруа қожалықтары.
Өткен жылы бюджетке түскен салық көлемі 663,8 млн. теңге. 2021 жылмен салыстырғанда 107,9 пайызды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылдың желтоқсан айында 8 кәсіпкер 5 млн.теңгеге дейін грант алды (оның ішінде мүгедектігі бар 2 адам, 1 көпбалалы отбасы). Сондай-ақ жалпы сомасы 33,3 млн.теңге бірқатар кәсіп түрлері ашылмақ. Атап айтсақ, балалар лабиринті кешені, жүннен бұйымдар жасау, бухгалтерлік және салықтық сүйемелдеу қызметін көрсету, медицинада практикалық дағдыларды өндеуге арналған имитациялық тренажер өндіру және дамыту, длиномер, нан өнімдерін қайта өңдеу, сауықтыру, фитнес клубы, малдарды қолмен ұрықтандыру.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру мақсатында 40 адамға 49008,0 мың теңгеге дейін мемлекеттік гранттар жоспарланған. Мемлекеттік гранттар беру мақсатында 40 үміткердің құжаттары қабылданып, өңірлік комиссияның шешімі негізінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру барысында 400 АЕК (1 225 200) көлемінде грант ұтып алды.
Қаратал ауданының әкімімен бекітілген кесте бойынша әр ауылдық округте мемлекет тарабынан берілетін гранттар, жеңілдетілген несиелер бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қаратал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі