Тума таланттың әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады.

Мұқағали қазақтың ұлы ақыны,

Мұқағали қазақтың дана ақыны.

Ғашықтардың сезімін жырға қосып,

Поэзияны өрлеткен дара ақыны.

Қарасазды өлеңнің қыраны еді,

Қара сөздің құйғытты құлагерін.

Әр өлеңі бір сабақ бізге арналған,

Өлмейтұғын артына із қалдырған.

Жырларымен бүгін жұрт тілдеседі,

Жаралылар поэзиямен мұң кешеді.

Өзі сынды ақындардың арасында,

Таланттыны таппаймыз ол секілді.

Ғажап ақын, сөзі асыл баға жетпес,

Бір сөзі мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Ұлы ақын боп, дара ақын боп қала берер,

Қазақтың жүрегінен мәңгі кетпес.

Мухаммед ШАНТАЕВ, І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектебінің 8 сынып оқушысы

Бір дерек

Мұқағали Сүлейменұлының азан шақырылып қойылған аты – Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен. Анасы Нағиманның айтуынша, Мұқағали Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз елдімекенінде 13 наурызда туған. Бірақ құжат бойынша 9 ақпан деп жазылып кеткен.

Естелік беттерінен

АҚЫН АРМАНЫ

…Мұқағалиға өте ауыр тиген, денсаулығына да көп әсерін тигізген қиын аударма – әлем әдебиетінің жарық жұлдызы, Италия перзенті Дантенің «Құдіретті коме- дия» дастанының «Тамұқ» бөлімін аудару болды. Бұл дастанды 1965 жылы бастап, 1966 жылы түнімен оты- рып аударып жүріп, екі жылда әрең аяқтады. Осы аудар- мада қатты қалжырап кетті. Мұқаң арманын сыртқа шығарып айта бермейтін. Осы Дантені аударып біткенде: «Дантенің Отаны – Флоренция қаласында болып, ұлы адамның жүрген жерлерін араласам!» деуші еді. Арман орындалған ба?!

ӨЛЕҢДЕРІНДЕ ШЫНДЫҚТЫ ПАШ ЕТЕДІ

1969 жылы 14 маусымда Мұқағалидың бір топ өлеңдері «Қазақ әдебиетінде» жарияланды. Жазылған өлеңдерінің бәрі де ащы шындық еді. Сол өлеңдер жариялана салып, Жазушылар одағы өзінің бірінші секретарын шақырып, (бірінші секретарь Ә.Шәріпов) өлеңдерді дереу талқыға салды. «Өлеңдері күңгірт, көмескі, жұмбақ, пессимизмнен тұрады, күйреуіктік сарында жазылған» деп, газеттің басшылары Н.Ғабдуллинге, жауапты хатшы Ж.Тәшеновке «материалға жауапсыз қараған» деп шаралар қолданды. Осындай жаншу, жан-жағынан ши жүгірту, түрткілеу Мұқаңды қатты жүдетіп жүрді. Бұл жайлар онның біреуі ғана.

(Лашын Әзімжанованың естелігінен, «Мұқағали: Күнделік», Алматы, «ҚазАқпарат», 2009 ж.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *