Ел ертеңі – өскелең ұрпақ қолында. Сондықтан, мектеп қабырғасында берілетін білім мен тәрбиенің сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары да назардан тыс қалған емес.

Бүгінде білім алушыларды тұрғылықты мекен-жайы мен мектеп аралығында автобуспен тасымалдау мәселесі де оң шешімін тапты.

«К.Тоқаев атындағы орта мектеп» КММ-сінің аумағы бойынша 2 автобус 300-ге жуық оқушыны тасымалдауда. Көліктің 1 сапарында 168 оқушы, 2 сапары бойынша 121 оқушы сағат таңғы 07.10-07.50 дейін тасмалданса, 11.45-тен – 13.20-ға және қайту уақыты 17.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытты қамтиды. Жалпы автобустар мектептің сол жақ бөлігі, яғни Б.Қаптағаев көшесінен басталып, Төлеуқұл батыр, Жәлменде би көшелерін басып өтіп мектепке дейінгі, ал оң жағы «Бакуля» дүкенінен бастап, Абдықұлова және ақын Сара көшелері арқылы И.Панфилов, М.Төлебаев, В.Белинский, Г.Котовский, Қазыбек би, М.Тынышбаев т.б. көшелерінде тұратын білім алушылардың мектепке қатынауын қамтамасыз етеді. Яғни, оқушылар сабақ кестесіне сай тасымалданады. Көліктердің белгіленген бағыттар бойынша уақытылы қатынауын мектеп директоры Л.Испанова қатаң қадағалауда. Балаларды оқу орнына жеткізу барысындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобусымен тасымалдау барысында жол көлігі қаупінің алдын алу, оқушыларды және олардың ата-аналары арасында жолда жүру және жол қаупінің алдын алу басты мақсат. «Оқушыларды жайлы және қауіпсіз тасымалдау – негізгі мәселелердің бірі. Бүгінде тасымалдау жұмысы арнайы бекітілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 2 автобус тартылған. Тасымалдау мәселесі толығымен шешілді. Автобустар барлық заманауи талаптарға сай. Есік ашық кезде қозғалысты тежейтін механизмі де қарастырылған. Одан бөлек, 60 км/сағ жылдамдықты шектегішпен жабдықталған, автокөлік және жүргізуші құжаттары толықтай заңдастырылған. Автобусты тек қана тасымалды ұйымдастыру үшін емес, оқушыларды тарихи-мәдени ескерткіштерге апару үшін де пайдаланамыз,» – дейді мектеп басшысы Ляззат Сарқытбайқызы.

Бала қауіпсіздігі – әр ата-ана үшін ең негізгі мәселе. Сондықтан да балалар үшін жасалып жатқан әрбір іс бізді қуантады. Келешек үшін жасалған әрбір игі істер әлі де жалғасын табатынына сенімдіміз.

«К.Тоқаев атындағы орта мектеп» КММ-нің ата-аналар комитеті

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *