Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні № 31 «Павлодар-Алматы жолаушылар поездының жолаушыларымен «Сенім купесі» атты кездесу өтті. Кездесуде Талдықорған көлік прокуратурасының прокуроры А.Сматулла, Үштөбе ст.ЖПб бастығы полиция подполковнигі Т.Тагаев, Үштөбе ст. ЖПб бастығының бірінші орынбасары М.Шынгожин, Үштөбе ст.ЖПб ӘПб бастығы полиция майоры Е.Курмансеитов, Үштөбе ст.ЖПб КҚҚТ инспекторы Б.Аблакимов, Үштөбе ст.ЖПб ӘПб ҚБП тобы инспекторы полиция аға лейтенанты Қ.Зейнолдин және Үштөбе ст Вокзал бастығы Г.Мальгиждарова қатысты. Сонымен қатар, № 31 «Павлодар-Алматы» жолаушылар поездының бригадирі С.Оспанов жолаушылармен кездесу жүргізді.
Бас қосу мақсаты – халықтың тәртіпсіздікке және ұсақ бұзақылыққа «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» принципын қалыптасыруын, азаматтардың сана сезімдерін және құқықтық мәдениетін көтеру мен азаматтардың полиция қызметкерлеріне деген сенімдерін арттырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу. Аталған мәселелер бойынша полиция қызметкерлері жолаушылармен сұхбат өткізіп, олармен ой-пікір алмасып жұмысқа кедергі жасайтын мәселелерді талқылады. Кездесу кезінде жолаушылардан және жолсеріктерден Үштөбе станциясындағы ЖПб қызметкерлерінің қызметіне байланысты арыз-шағым және алаңдататын сұрақтар туындаған жоқ.
«Қаратал-Ақпарат»