Көксу ауданындағы ұстаздар қауымы мен ардагерлер  құрметіне арналған салтанатты шарада ұлағатты ұстаздарды аудан әкімі Марлен Көлбаев құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

«Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде – қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы әр заман ағысымен жаңаны үйреніп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру –  ең ұлы мұрат. Бұл орайда, оқушы зердесін осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен – мұғалім. Ендеше, мұғалім күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Олай болса барша ұстаздар қауымын осынау мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын», – деді құттықтау сөзінде өңір басшысы.

Еліміздің дамуына зор үлесін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген бірқатар аудан ұстаздары  облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен зейнеткер ұстаздарға да ерекше құрмет көрсетілді. Шара қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

«ҚАРАТАЛ-АҚПАРАТ»

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *