Қарттар күніне орай Мұқыры ауылдық мәдениет үйінде «Ақ кимешек» атты әжелер байқауы өтті. Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында өткен әжелер сайысы 5 кезеңнен тұрды. «Ақ кимешек» байқауының түйінін қоюға Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев, Жетісу облысы аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева шығып, жүрекжарды лебіздерін арнады. Әр қатысушының өнерін жіктеп, таланттары мен талабына бас иген әділқазылар алқасы ақ жаулықты әжелерге ризашылықтарын білдірді. «Бұл сында барлығыңыз да жеңімпазсыздар, жеңілген ешкім жоқ. Бәріңізге әртүрлі номинация бойынша бәйге беріледі», – деген аудан басшысы Марлен Қапашұлы 10 округтен келген әжелердің бастарына ақ жаулық, иықтарына камзол жауып, арнайы сыйлықтар табыс етті.

«ҚАРАТАЛ-АҚПАРАТ»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *