Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында еліміздің қарапайым азаматтары ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алуға және салымдардан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуы тиіс екенін атап өткен еді.

Жуырда ауданымызға Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының өкілдері келіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қасымовтың төралығымен өткен жиынға «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының өкілдері, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, мектеп ұжымы және аудан тұрғындары қатысты. Баяндалған ақпараттарға байланысты сұрақ-жауап алмасуға мүмкіндік берілді. Қатысушылар өздерін алаңдататын сұрақтарын жолдап, тиісінше жауап алды.

 «Қаратал-Ақпарат»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *