Жуырда мұғалімдер күніне орай ауданымыздың ұстаздар қауымы ұлықталып, құрмет-көшеметке ие болды. Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысқан ауданымыздың білім саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін кішкентай бүлдіршіндер құттықтап, гүл шоқтарын тарту етті. Артын ала өз тілегін аудан әкімі Ерлан Исабеков білдірді. Өңір  басшысы өз сөзінде Қаратал ауданы тез өзгеріп жатқан әлемде жаңа іргелі білімді қолдануға қабілетті, құзыретті, әлеуметтік мобильді жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша қойылған міндеттерді ойдағыдай шешетін дарынды және жоғары білімді педагог қызметкерлермен мақтанатынын айтты. Сондай-ақ, сала ардагерлері мен ауданымыздың білім саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады. Артын ала қасиетті мамандық иелерін аудандық мәслихат хатшысы Жандос Теңелбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оңғаров құттықтап, басқа да құрмет грамоталары және медальдарды табыстады. Мерекелік шара ауданның шығармашыл ұжымының дайындаған шағын концертімен жалғасын тапты.

Балгерім ТҰМАН

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *