Медициналық ұйымға тіркелу үшін жеке куәлік қана керек. Ал жеңілдігі бар азаматтар үшін мәртебесін растайтын құжат (зейнетақы куәлігі, қорғаншылық құжаттар, туу туралы куәлік және т.б.) болса жеткілікті.

Емханаға тіркелу үшін келесі үш тәсілдің бірін пайдалана аласыз: медициналық ұйымға тікелей жүгіну; egov.kz порталы арқылы; ХҚКО-ға келіп өтініш беру арқылы. Әрине, мұны egov.kz порталында жасау оңайырақ, әрі жедел.

Электронды порталда авторизациядан өткен соң, басты беттегі «Денсаулық сақтау» бөлі­мінде «Бастапқы меди­циналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» санатын таңдаңыз; Тұратын өңірді, тіркелгіңіз келетін медицина ұйымын көр­се­те­сіз, мекенжайыңыз бен бай­ла­ныс телефондарын қал­ды­ры­ңыз; «Тіркелу себебі» бөлімінде «тіркеу науқанын» белгілеңіз. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қара­лады, жауабы жеке каби­не­тіңіз­ге келеді.

Н.БЕЛЬГИБАЕВА,

Елтай ауылдық округінің бас маманы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *