2023 жылдың 18 ақпан күні ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды. «Ақ жол» демократиялық партиясы өз кампаниясын Ұлытау облысынан, Қазақ хандығының арғы атасы Жошы ханның кесенесі барып, тағзым етуден бастады.

Партия лидері Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса мен Берік Дүйсенбинов, сондай-ақ, партияның жергілікті филиалының жетекшісі Ермек Әбілдин бастаған «Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Қарағанды облысына барып, кәсіпкерлермен және облыс жұртшылығымен кездесулер өткізді.

«Қарағанды облысының ерекшелігі ірі бизнестен бөлек, мұнда шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамығанында. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мұнда жұмыс істеп жатқан ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті кәсіпкерлердің мүддесін ескермей келді. Одан бөлек, атқарған жұмыс пен жеткізілген өнімнің ақысы оларға жылдап төленбей келді. Біз бұл мәселені Мәжіліс мінберінен депутаттық сауалдарымызда бірнеше рет көтердік. Атап айтқанда, мұндай түйткілді мәселелер туралы шағымдар «Ақ жолға» Теміртаудағы бизнес өкілдерінен келіп түскен. Былтыр Мемлекет басшысы ұсынған Конституция реформасының аясында «Жер және жер қойнауы халыққа тиесілі» деген басты норманың енгізілуі маңызды новелла деп санаймыз. Осы нормаға сәйкес ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен қарым-қатынастарды қайта қарау қажет. Олардың тапқан пайдасы шетелге шығарылмауы керек, олар жұмысқа қазақстандық компариялардың тізіміндегі жергілікті кәсіпкерлерді тартуы қажет», – деді Азат Перуашев.

Сонымен бірге, «Ақ жол» демпартиясының үгіт-насихат тобы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

https://akzhol.kz/

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *