Айнұр КАНТБАЕВА,  ұстаз:                                                                                                    

Озық ойлы жастар керек

Сайлаудан күтетінім – сайлау мен дауыстарды санауға деген сенімнің қалпына келуі. Парламенттік сайлау арқылы халықтың саяси өмірге белсенді араласуға мүмкіндігі пайда болады. Сайлау сондай-ақ саяси мәдениеттің қалыптасуына және партияаралық бәсекелестіктің артуына ықпал етеді. Парламенттік сайлаудың ел өміріндегі рөлі ерекше, оған барлығы қатысуы керек. Саяси үдерістердің сәттілігі осыған байланысты болады. Халықтың сөзін сөйлеу керек, мұңын мұңдап, жоғын жоқтау керек. Сондай азаматтардың келгенін, сайланғанын қалар едік және олардан біз көп үміт күтеміз. Баяғыдай бұқпантайлап жүрудің керегі жоқ. Бізге озық ойлы, өз пікірін айтатын азаматтар, мықты жастар керек деп ойлаймын.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *