Аида ЕМИРОВА, «Хоум Кредит Банк» менеджері:

Өзгерістер уақыты келді

Сайлауға жаңа партиялар, жаңа адамдар да қатысады, жаңа тұлғалар шығады деп ойлаймын. Қазақстанда әділ, халық үніне құлақ қоятын саяси жүйе қалыптасқаны жөн. Бізге нақты іс қажет. Нақты нәтиже керек. Нақты мәселелер шешілуі тиіс. Меніңше, алдағы жаңа сайлау, жаңа Мәжілістің қалыптасуы, осыған қолғабыс тигізеді. Шәкәрім «Қозғалыс, қозғалысқа керек қолғабыс» деп айтқан ғой. Реформа дегеніміз – қозғалыс. Соған қолғабыс болатын жаңа Парламент Мәжілісі сайлануы керек. Онсыз бір орында тоқырап қаламыз. Жаңа есімдер шықпаса, жаңа идеяға да ие бола алмай қаламыз. Өзгерістер уақыты келді.

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *