Алтын МОЛДАБАЕВА, зейнеткер:
Бағыт-бағдарымызды айқындаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы 2023 жылдың 1-жартысында болатынын жариялаған еді. Міне, осыдан кейін Конституцияға сәйкес кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы мәлімдеме жасалынып, жарлыққа қол қойылды. Сөйтіп, Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетіні белгілі болды. Билік қалаған емес, халық қалаған шын қалаулылар жарыққа шығып, жаңа жүйе орнатады деген сенім мол.
Cайлау жайында жарты жыл бұрын ескертіліп, сайлауға түскісі келетін азаматтарымыздың өз күш-жігерін, қабілетін, мүмкіндіктерін таразыға салып, қатысуға дайын екендіктеріне көз жеткізетіндей уақыт берілді деп санаймын. Және де бұл сайлауға қатысушы кандидаттарға бұрын-соңды болмаған үлкен жеңілдіктер қарастырылып отырғаны өз мүмкіндіктерін іске асыруға әсерін тигізері сөзсіз.
Сайлауға Жаңа Қазақстанымызды көркейтетін, еліміздің жан-жақты жаңғыруына ерекше өз үлесін қосатын, Әділетті Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындайтын азамат пен азаматшалар өз кандидатурасын ұсынады деп сенемін.