Шұға ЕСЕНЖОЛОВА, ұстаз:

Алдағы сайлау – реформалардың заңды жалғасы

Былтырғы 2022 жыл саяси реформалармен басталғаны белгілі. Әуелі Конституциялық референдум өтті. Артын ала мемлекетіміздің Президентін мерзімінен бұрын сайлап алдық. Енді міне, 2023 жылға қадам қойған сәттен бастап, саяси реформаны онан ары тереңдете түсу мақсатында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын жаңа бастан сайлауға шешім қабылданды. Осы кезге дейінгі тек қана партиялық тізімнен өтетін депутаттар ендігі жерде көлемін ұлғайтып, мазмұнын байытты.

Азаматтардың өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беру – демократияға бастар жол. Дамуға жаңаша серпін беріп, болашаққа сенімді нығайтады. Партиялық тізіммен де, жеке өтінішпен де сайлауға түсу жолға қойылғаны қуантады. Алда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың заңды жалғасы дер едім. Бұл саяси науқаннан соң тың серпілістер боларынан үміттіміз. Сол адамдар адал өтсе, елімізде біршама оңды өзгерістер болама деп ойлаймын. Өзгерістер болған дұрыс. Бұрынғы емес, жаңа реформалар жасау маңызды. Елімізде қарапайым адамдардың еңбегі өсіп, жағдайлары жақсарса деймін.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *