Бақберген ИБРАИМОВ,

Қаратал аудандық ақсақалдар алақасының төрағасы:

Сайлауға қатысу – бірлігіміздің белгісі

Әділетті Қазақстанды құру үшін ең әуелі  әділетті жолмен депутаттарды сайлап алуға тиіспіз. Шығыстың «Ұзақ жорық бірінші қадамнан басталады» деген мәтелі бар, мемлекеттің кемелді заңы мен тура жолын қалыптастыру үшін, оның сөзін сөйлейтін адамдар мен қызметін ететін естілерді сайлап алуымыз керек. Кез-келген депутат жеке адамға қызмет етуге ниеттенсе, Отанға қызмет етуге сақадай сай болсын. Мынау сайлау, Президенттің құқығы мен Парламенттің құзыреттілігін арттыру жолындағы жасап жатқан қадамдар елдігіміздің ертеңі үшін. Кезектегі саяси реформалардың анық көрінісі.

Қазақ «әр істің бір қайыры болады» дейді. Отыз жылдан бері от пен оқтан аман болдық. Осының өзі үлкен жақсылық. Алдағы дәуірлерде солай бейбітшілікті сақтай отырып, берекеге бастайтын жолды саралай білсек, «Әділетті Қазақстан» құру сәтті жалғасады деп ойлаймын. Сондықтан бұл сайлаудың жүгі салмақты. Қазақ елі үлкен жауапкершілік танытып, ауызбіршілікпен өз таңдауларын жасайды деп ойлаймын. Осы тұста барша Қараталдықтарды сайлауға бірауыздан атсалысуға шақырамын. 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *