Жайдар ҮМІТ,  ұстаз:

ӘДІЛДІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ҰМТЫЛЫС

19 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Алдағы сайлауда да билік пен халық арасында нағыз алтынкөпірлік қызметін адал атқарар халық қалаулылары келеді деген сенімдемін.

Бұл сайлауда біршама тың өзгерістер бары анық. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталмақ. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды. Сондай-ақ, алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған еніп отыр.

Мұның барлығы шынайы ашық бәсекелестік болу үшін, жаңа саяси тұлғалар шығу мақсатында енгізілген талаптар мен жаңа ережелер. Елдің сөзін сөйлеп, халықтың жоғын жоқтап, атқарушы билікке мәселені ашық әрі анық жеткізе алатын халық қалаулылары көптің қолдауына ие болмақ. Алдағы сайлауға көпшілік белсене қатысып, нағыз халық жанашырын таңдауына тілектеспін.

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *