Айлита ТОЛКИМБЕКОВА, ұстаз:
САЯСАТ САХНАСЫНА ЖАҢА ЕСІМДЕР КЕЛУІ МҮМКІН
Биылғы сайлауда едәуір ілгерілеу бар. Өткен саяси науқанда бір партияның үстемдігі болғаны рас. Енді олардың арасында бәсекелестік туып тұр. Бұрын партиялық тізімге кіру де оңай емес еді. Қазір ол тізім кеңейген тәрізді. Бастысы – мажоритарлық жүйенің қайтып келуі.
Қазір танымал немесе қоғамға белгісіз адамдар кандидат болып тіркелуде. Қатарларында блогерлер де бар. Өтсін-өтпесін, ішіндегі саясаттың буы шығатыны сөзсіз. Дегенмен, негізгі мәселе сайлау қорытындысын санауға байланысты болып тұр. Сайлаушылардың белсенділігі мен бақылаушылардың жақсы жұмысы, сайлау комиссиясының ар алдындағы тазалығы талай жаңа есімдерді Мәжіліс пен мәслихат төріне шығаруы әбден мүмкін.