Дастан РАХЫШЕВ,  құрылыс саласының маманы

ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ

Өздеріңізге белгілі, сайлау туралы заңдарға бірқатар өзгеріс енгізілді. Соның ішінде сол тұста заңды тіркеуден өткен партиялар жетекшілерінің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұсыныстары да ескерілді.

Әрине, сайлаудың айналысында туатын әжептәуір дүрмекке еліміздегі бүгінгі саяси-әлеуметтік ахуалдың, қоғамдық пікірдің ықпалы болады. Дегенмен, елімізде бастау алған саяси реформаларды қолдайтын сайлаушылар басым екендігі сөзсіз. Оларға үміткерлер мен науқанды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінен гөрі ортақ заңдылықтың сақталуы маңызды болуға тиіс.

Мұндай саяси іс-шараға сергек, сын көзбен қарау бұрын да болған, алдағы кезде де жалғаса береді. Қорыта айтқанда, сайлау мәдениетін қалыптастыруда қоғамдық пікірді жария ететін дәстүрлі баспасөз бен бұқаралық ақпарат көздерін тиімді пайдалануға ерекше мән берген жөн деп санаймыз. Ең бастысы – 19 наурызда дауыс беретін сайлаушылардың көзі ашық, сауатты екендігін ұмытпау керек.

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *