Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының шақыруы бойынша 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
Бүгінгі таңда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) – бұл азаматтық қорғаныс пен халықты халықаралық деңгейде қорғау саласында маманданған және Еуропа, Азия мен Африканың 70-ке жуық елін біріктіретін жалғыз халықаралық үкіметаралық ұйым. «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген соң 1997 жылғы 31 қазаннан бастап Қазақстан ХАҚҰ-ның толық құқықты мүшесі болып табылады.
ХАҚҰ-ның негізгі мақсаттары азаматтық қорғау құрылымдарын құруға және күшейтуге жәрдемдесу, техникалық және консультациялық көмек көрсету, азаматтық қорғау қызметтері үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, мүше мемлекеттер арасында озық тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.
Бүгінде Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары мен бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.
Рысқазы ҚАЛИҒАЗЫ,
Қаратал ауданы тжб аға инженері