Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Сол ұлттардың арасындағы татулық пен келісімді әрдайым насихаттап отыру аса маңызды. Осы ретте Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтүбек ауылдық мәдениет үйінде «Бірлік. Жеңіс. Тағзым» атты өзге ұлт өкілдерімен фестиваль өтті.
Фестивальдің мақсаты – ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың ерлігі, қажырлығы, Отанына деген шексіз патриоттық сезімді үлгі ету, ынтымақтастық, бірлік, бауырмалдықты дәріптеу. Іс шараға «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің координаторы Д.Ауданбаев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы К.Бектемисова, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі М.Ахметов қатысып, ой бөлісті. Фестиваль барысында ұлтты ұйыстырып, ұлысты ұғыстыра білген еліміздің берекелі бірлігі туралы ән мен жыр шырқалып, өзге ұлт өкілдерінің әндері мен билері, ұлттық дәстүрлері орындалды. Шара соңында үздік өнер көрсеткен өнерпаздар алғыс хаттармен марапатталды.
Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі