Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Үшарал қаласында жаңадан қызметін бастаған «Жансая» күндізгі болу-оңалту орталығында арнайы жиын ұйымдастырылды.

Аталған мекеме жуырда ғана іске қосылып, аудан халқына үлкен көмегін тигізіп отыр. Жаңа заман талабына сай жабдықталып, балаларға тәулікті бақылау орнатылмақ. Алыс аймақтан келген бүлдіршіндерге 20 орын және күндізгі қабылдауға 30 орын әзірленген. Шалғайдағы елді мекендерден келген ауыл балалары үшін тамақтандыру ісі де назардан тыс қалмаған.

Шара барысында алғашқы болып сөз кезегін алып, бүгінгі күннің маңызы мен адамның ой-қабілетінің таза әрі сау болуының, соны қалыптастыруға арналған мекемелердің маңыздылығы айтылды.

Өңіріміздегі ОПМПК психологі Т.Мұқашева, аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салты бөлімінің маманы А.Алипбекова, №1 ППКК психологтары Н.Сатыбалдықызы, Ш.Мырзағұлова өздерінің пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ ата-аналар мен балаларға арнайы сұрақтар қойылып, олардың тарапынан да қойылған сауалдарға жауаптар берілді. Қатысушыларға арнайы денсаулық пакеті берілді.

 

Б.САЯТОВА,

Облыстық мәслихат депутаты, денсаулық сақтау саласының үздігі, жоғары санатты дәрігер-психиатор

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *