
Respublica партиясының турнесі Қостанай облысында жалғасуда. Мұнда Парламент сайлауы қарсаңында халықтың саяси белсенділігінің жоғары деңгейін атап өтуге болады. Осылайша, тек соңғы күндердің өзінде қоғамның барлық саласында күрделі реформалар жүргізу қажеттігін қолдап, партия қатарына 15 мыңнан астам адам қосылды. Ал Respublica өкілдерінің Қостанайдағы халықпен кездесуіне 1000-нан астам тұрғын қатысты.
Қостанай облысын Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың «еңбек аймағы» десек те болады. Мұнда ол соңғы алты жылдан бері тұрып жатыр әрі жұмыс істейді. А.Қожаназаров «Олжа Агро» ЖШС ірі агроөнеркәсіптік холдингін басқарып, мыңдаған қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құруда. Ал бұл – бүгінде халыққа ең қажет нәрсенің бәрі.
Қостанай облысына сапарының бірінші күнінде Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Respublica партиясының Қостанай облыстық филиалының жұмысымен де танысып, «Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің басқарма төрағасы Қайрат Бисетаевпен кездесті.
Партиялықтар Қостанай облысындағы екінші күнінде «Милх», «Баян-Сұлу» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді.
https://baq.kz/