«Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы» ҚБ-нің төрағасы Азаматхан Әміртаев үгіт насиқат науқанының басталғаны туралы хабарлады. Және барлық облыстардың, Астананың және Республикалық маңызы бар қалалардың өңірлік штабтары басшыларының қатысуымен партияның сайлауалды тұғырнамасын ұсынды. Партияның мақсаттары адамдардың денсаулығы мен құқықтарын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ Қазақстанда таза энергетика мен өнеркәсіпті дамытуға бағытталған.

Біз Қазақстанның негізгі саяси институттарына өз кандидаттарымызды ұсындық. Енді мәжіліс пен мәслихатқа таза да әділ Қазақстан үшін екенін бүкіл өмірімен және қызметімен дәлелдеген азаматтардың келуі маңызды, – деді Азаматхан Әміртай. – Таза су мен ауа, таза жер, таза адами қарым-қатынас, таза саясат – партияның басты ұстанымы.

Ресми ашылуға партияның республикалық штабының басшысы Қайрат Айтбай, партияның атқарушы хатшысы Нұрлан Көптлеутегі, партия хатшысы Шыңғыс Лепсібаев, Ұлттық ақпараттандыру және телекоммуникациялар қауымдастығының атқарушы директоры Азамат Колов, ҚР Парламенті Мәжілісіне және «Байтақ» партиясының мәслихаттарына кандидаттар және партияның жақтастары қатысты.

Іс-шара аясында «Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы ҚБ, «ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ және «Ұлттық ақпараттандыру және телекоммуникация Қауымдастығы» ЗТБ арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою инновациялық жасыл технологияларды енгізу үшін жаңа жұмыс орындарын құру және дарынды жастарды оқытуға бағытталған.

https://www.facebook.com/ecoalliance.kz/

 

 

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *