Еліміздің болашағы үшін алаңдайтын әрбір Қазақстан азаматы қазіргі таңда мемлекетіміздің үлкен бір айрық жолдың алдында тұрғанын терең сезінеді деп ойлаймын. Кейбір «ультра оппозиция» өкілдері айтып жүргендей, тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл уақытымыз текке кетті деуден де аулақпыз. Өйткені, осы жылдары ел іргесі анықталып, жас, тәуелсіз мемлекетіміздің буыны қатып, бұғанасы бекіді. Ең бастысы, тәуелсіз елде өмір сүру болашаққа деген үмітімізді оятты, жастарымыздың саяси сауаты айтарлықтай артып, өз азаматтық ұстанымын анықтауына мүмкіндіктер пайда болды. Әрине, көп қателіктер де жіберілді, бұл қателіктер мен кемшіліктер қоғамда талқыланып, әртүрлі пікірлер айтылуда, алайда әлі де терең сараланып, объективті бағасын алуы болашақтың еншісінде деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы ең басты, маңызды іс – осы қателіктерден сабақ алып, еліміздің жарқын болашағы үшін қоғамның барлық бөліктері, соның ішінде билік, азаматтық қоғам, әрбір жеке тұлғаның айналысуы тиіс міндеттері айқындалып, осы бағыттағы нақты шараларды батыл түрде іске асыруды бастау деп ойлаймын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңаша даму бағдарын айқындап, нақты мақсат-міндеттерді белгіледі. Мемлекет өмірінің қандай да бір саласында болсын жасалатын өз¬ге¬рістер, реформалардың мақсат-мін-деттері, жүзеге асыру тетіктері мен нор¬малары заң жүзінде белгіленіп, сарап-талып барып жүзеге асады. Осы бағытта Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының қадау-қадау өзекті мәселелері бойынша берілген тапсырмалары негізінде Үкімет, Парламент депутаттары бірқатар заңды жаңа нұсқада қабылдап, қолданыстағы заң нормаларына көптеген жаңа өз-геріс пен толықтыру ен¬гізді. Атап айтатын болсақ, оларды бес бағытқа бөлуге болады. Яғни әлеуметтік сала; қар¬жы – экономика; мемлекеттік басқаруды түбегейлі өзгерту, оның ішінде мем¬лекеттік қызмет, жемқорлыққа қарсы күрес; сот жүйесін, құқық қорғау орган¬дарын реформалау; азаматтық қоғам қалыптастыру және саяси реформалар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі жүргізіп отырған саясаты да дәл осы міндеттерді шешуге бағытталып отыр. Президенттің «Жаңа Қазақстан» концептінің аясында жарияланған басты идеяларды іс жүзіне асыруға қоғамымызда қажетті алғышарттар да бар. Қазіргі таңда билік саясатында орын алып жатқан өзгерістер бұрынғы авторитарлы биліктен, қоғам пікірімен санаспайтын, өзін қоғамнан алшақ ұстайтын биліктен бірте-бірте, халықтың үнін естуші, халыққа қызмет етуші,әділетті билікке қарай трансформация жасаумен байланысты деп ойлаймын. Алайда, бұл істе барлық міндетті билікке ғана артып, қол қусырып отырмай, бүкіл қоғам, әрбір жеке адам болып аянбай, табанды түрде, жұмылып әрекет етуге тиіспіз.

Жеке адам демекші, қоғам жеке адамдардан тұратындықтан, ең басты жауапкершілік дәл осы жеке адамға түсетіндігін ұмытпаған жөн. Ал жеке адамның қалыптасуы мен тәрбиесінде білім беру мекемелерінің орны ерекше. Оның үстіне, қазіргі жас жеткіншектер – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар, мемлекет басшылары, қоғам қайраткерлері екенін ескеретін болсақ, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру ісін балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі, барлық білім беру мекемелерінің қоғамдағы маңызы мен мәртебесін көтеру бағытындағы іс-шаралардан бастау керек деп ойлаймын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» үндеуінде алдағы уақытта назар аударылатын өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешуге міндетті жауапты үкімет мүшелері мен ведомостволарға нақты тапсырма бергені есімізде. Жаңа құрылған үкіметке елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында жаңа өндіріс орындарын ашу, мамандар даярлайтын білім беру жүйесін кәсіпорындардағы сұраныстармен үйлестіру, ауылдық жерлерде спорт кешендерін салу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан, елдің көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу тапсырылған болатын.

Жалпы, қазір билік пен қоғам ара¬сындағы саяси диалог дамып, бірқатар реформалар рет-ретімен жүзеге асырылып жатыр. Соның бір мысалы ретінде «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» заңды айтар едім. Күшіне енген бұл заңды бұ¬рынғы заңмен салыстыруға мүлде кел¬мейді. Сондай-ақ «Саяси партия¬лар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның де¬путаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер ен¬гізілді. Бұл заңдарда партиялар¬ды тіркеуді жеңілдету, пар¬ла¬мент¬тік оппозиция институтын құру, партиялық тізімде әйелдер мен жастардың үлесін көбейту мәселелері қамтылды. Жалпы, саяси партиялық оппозиция мемлекетке, ұлттық мүддеге қарсы күш емес, олар билік тізгінін ұстап отырған басқа саяси әріптес партиялардың шешімдеріне, іс-әрекеттеріне альтернатива ретінде өз ұсыныстарын, мәселені шешу тетіктері мен жоспарларын Парламентте өткізуге күш салады.

Елімізде басталған рефор¬малардың заңнамалық негізін қамтамасыз ету – Парламенттің басты міндеті. Сондықтан Пар¬ламентке артылған жүктің салмағы қазір тым ауыр. Мемлекет басшысы айтқандай, «Парламент тың идеялар, озық ойлар, түрлі пікірлер мен көзқарастар талқылайтын, ортақ шешім қабылдайтын алаң болуы тиіс».

Түйіндеп айтар болсақ, жылдар бойы қордаланып қалған мәселелердің бәрін бірден, бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Заң түзелмей Президент жариялаған реформаларды тиімді жүргізе алмаймыз. Заңмен тікелей реттелмейтін бір-ақ нәрсе бар, ол – біздің жалпыұлттық болмысымыз, интеллектіміз және сындарлы пайым-пара¬сатымыз. Мұндай құн-дылықтардың қалыптасуы мемлекет пен қоғамның, әрбі¬ріміздің азаматтық ұстанымымызға, ортақ жауапкершілікті сезінуімізге байланысты.

Кейінгі бір-екі жылдың ішінде қоғам өзгерді. Тіпті пан¬демиядан кейін бірқатар құн¬дылықтарға басқаша қарап, бар мен жоқтың, обал-сауаптың парқына көзіміз жетті, жалпы ұлттық иммунитетіміз үлкен сы¬нақтан өтті. Жұрт қазір қоғам¬дағы жа¬ңалықтарға сергек қарайды. Ақпараттық заманда көп мәселені қоғамның ашық талқысына салу арқылы шешуге тура ке¬леді. Қоғамның үні анық естіле бастады. Бұл – Қазақстанда қалыптаса бас¬таған азаматтық, ашық қоғамның айқын бел¬гілері.

Альфита СЕКСЕНБАЕВА

 

 

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *