Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының отырысында Қазақстан халқына Жолдауын арнаған болатын. «Халқымыз жалпыұлттық реферундумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды»,-деді мемлекет басшысы. Осы бағыт аясында қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту міндеті тұр. Азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту, мемлекеттік басқару ісіне араласуын белсендіру, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымын нығайту-Жаңа Қазақстанның өзекті басымдықтары деп білеміз. Мемлекет басшысының бірнеше кезеңді қамтитын ауқымды реформалары Қазақстанды жан-жақты салалар бойынша түбегейлі жаңартуды көздейтіні айқын. Әсіресе, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім саласында қызмет жасайтын біздер үшін өте қуанышты жаңалық болды. Себебі, әр оқушының жайлы жағдайда білім алуы біз үшін өте маңызды. Ендігі кезекте осы жобаны барлығымыз бірге отырып іске асырсақ деген ниет бар. Осы білім саласына қатысты өзгерістердің барлығын іске асыру сіз бен біздің қолымызда.
Айгүл МЫРЖЫҚОВА, № 51 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі