Сала мамандарының орны ерекше

Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, теңдесі жоқ экономикалық және экологиялық қорымыз.

Қазан айының үшінші жексенбісі орман байлығын сақтап, молайтып, ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін орман шаруашылығы қызметкері күні. Кәсіби  мереке қарсаңында тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен

шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің қажырлы да адал еңбектеріңізге алғыс білдіремін.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді даналарымыз. Олай болса, қасиетті Қаратал өңірінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау мен молықтыруға әрі қарай да аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенім білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!  Еліміздің жасыл желек саялы орманы жерімізді көркейте берсін.

Е. БАЕКЕНОВ, «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-сі директорының орынбасары

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *