«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев пен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық штабының мүшелері Талдықорған қаласының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде.
«Ақжолдықтар» еліміздегі ең ірі аккумулятор зауыты – «Қайнар-АБК» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорында 1200-ден астам адам жұмыс істеп, мекеме 40 жылдан астам табысты дамып келеді.
Жиын барысында партия басшысы жұмысшыларға партияның саяси бағдарламасын таныстырып, «Ақ жол» жұмысындағы басым бағыттарды атады. Сондай-ақ, мұндай салаларға мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері қажет екенін айтты.
Қызметкерлер баспананың қолжетімділігі, БЖЗҚ-дағы қаражатты басқару, тұтыну несиелерінің жоғары пайыздық мөлшерлемесі туралы сұрақтар қойды. Зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және аса зиянды жұмыскерлердің 1 және 2 тізімдерін қайтару туралы өтініштер айтылды.
https://akzhol.kz/