Партия делегациясы «Өнерпаз» мәдениет орталығында Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жергілікті тұрғындар алдында сөз алған «Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Әбдікәрімұлы ауыл шаруашылығы заңнамасы, өндіріс, шаруалардың азық-түлік базарларымен делдалсыз жұмыс істеуі, жер мәселесі, салық жеңілдіктері мен азық-түлік белдеуі сияқты мәселелерге тоқталды.

«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Анна Данченко туған ауылы мен отбасы туралы айтып, медицина тақырыбына да тоқталды.

Сондай-ақ ауылдарда сапалы медициналық көмек пен мамандардың жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Үміткер Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстанның жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы өз ойын бөлісіп, ауылдарға арнаған өлеңін оқыды.

Жиынға қатысқан жергілікті тұрғындар мен фермерлер ауыл тіршілігін жақсарту бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасында жоғарыда аталған тақырыптар көтерілгенін, ауылдардың барлық маңызды мәселесі қамтылғанына сендірді.

https://auyl.kz/

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *