Әділетті мемлекет – берекелі қоғам негізі

Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашты. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында да жан-жақты қамтылып, жарқын болашақ құрудағы жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың маз¬мұны жан-жақты толыға бермек. Жал¬пы¬ұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз», дей келе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ», – деп нақты айтты.

Сондай-ақ жалпыхалықтық референдумда ортақ қабылданған конс¬титуциялық өзгерістер әділетті Қазақ¬станның символына айналатынын жеткізді. «Біз Ата Заңымызда «жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі» деген басты қағидатты бекіттік. Бұл құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», – деді Президент.

Мемлекет басшысы әділетті қоғам орнатудың басты бағдары ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мәселесіне айрықша тоқталды. «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс», деп атап өтті. Шындығында елдің тұрмыстық жағдайы түзелмей, өзге салада жетістікке жетуіміз неғайбіл.

Экономика саласында қордаланған түйткілдер баршылық, еліміздің әлі күнге шикізатқа тәуелді болып отырғаны, еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз екені жасырын емес. Ұлттық табыс¬тың игі¬лігін елдің бәрі бірдей көруі үшін оның нақты жолдарын қарастыру қажет¬тігі анық. Макроэкономикалық тұрақты¬л¬ық¬ты қамтамасыз ету, экономиканы әрта¬рап¬тандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру кезек күттірмейтін заман талабы.

Әрине, ел дамуындағы айрықша бетбұрыстар әр салада жаңа, креативті шешімдер қабылдауды қажет етеді. Кез келген реформаны іске асырудың кілті ғылым мен білімде екені сөзсіз. Сондықтан өркениетке ұмтылған жаңа Қазақстанның кескін-келбетін білімді жастар мен еңбекқор мамандар жасайтыны анық. Сондықтан еліміздегі әр азамат «Жаңа қазақстан» жолында аянбай еңбек етуі керек деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан келешекте ел тұтқасы болатын жастардың сапалы білім алып, кәсіби маман санатына қосылуына бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді жұмсаймыз.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректоры

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *