Маңызды саяси науқанның өтуіне санаулы күн қалды. Наурыздың 19 күні Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау – халықтың қалауы мен таңдауын білдіретін әдістердің бірі, одан қалыс қалудың реті жоқ деп ойлаймын.
Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Сайлауға қатысу арқылы азаматтар билік өкілдеріне белгілі бір бағыт-бағдар нұсқай отыра осы мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Айтылған мақсат-міндет орындалуы қажет. Біздің болашағымыз – біздің қолымызда. Сол себепті, сайлауға міндетті түрде қатысқан дұрыс.
Ал таңдау жасау барысында бюллетеньдегі кандидаттардың ешбірін құп көрмеген сайлаушы бұрынғыдай сайлау қағазын бүлдірмесе болады. Себебі, аталған науқан барысында да сайлау бюллетенінде «кандидаттардың барлығына қарсымын» деген баған бар. Халықтың басым дауысына ие болған сайлау жеңімпаздары енді құр уәде де бере алмайды. Өйткені оның сұрауын халық жүзеге асыратыны белгілі.
Ұлбосын ДОСМОЛДАНОВА, Қаратал аудандық аналар кеңесінің төрайымы