Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы бойынша төтенше жағдайлар департамент басшысының 27.02.2023 жылғы №46-ж/қ бұйрығымен Қаратал ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Кеңесов Зейнулла Бахтиярұлы тағайындалды.
Зейнулла Бахтиярұлы 25 қаңтар 1977 жылы Түркістан облысы Келес ауданы Жолбасшы ауылында дүниеге келді. 1994-1998 жылдары Көкшетау Өрт техникалық институтын бітірген.
Жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. Соңғы жұмыс орны – Шымкент қаласындағы №1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.