Жиында мемлекет басшысы халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту маңызды міндет екенін айтты. Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналып бара жатқандығында атап өтті.
Мен Қаратал аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бақберген Қуатәлиұлы мемлекет басшысына қосыламын. Себебі әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алып, жанжал туындауы әбден мүмкін.