Қазіргі таңда аудан, қала орталықтарында қойылып жатқан ескерткіштерге аса мән беру қажет деп ойлаймын. Егемендікке қол жеткізіп, етек-жеңімізді жиған тұста бабалар рухына тағзым етіп, өшкенімізді жаңғыртып, елдік істерді қолға алғанымыз өткен күндер парағында жазулы тұр.
Әрине бұл елдің тарихына өте құнды дүние, алайда өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ болғандықтан қойылып жатқан ескерткіштерге аса мән беру қажет деп ойлаймын.