Кеңесте ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды.
Елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын, қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесіне баса мән беру керек екенін, халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту маңызды міндет екенін айтты.