Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес, 2023 жылға мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас», жастар практикасы) ұйымдастыруға және қаржыландыруға жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау 2022 жылғы 1 қарашаға дейін «Электронды еңбек биржасы» (www.enbek.kz) ақпараттық порталы (ЭЕБ) арқылы электрондық форматта жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
2022 жылғы 3 қазаннан бастап ЭЕБ-да 2023 жылға өтінімдер қабылдау басталды. Жұмыспен қамту орталығы үшін «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы қағаз форматта өтінімдерді қабылдауға, шарттар жасасуға және бос жұмыс орындарын орналастыруға қолжетімділік жабылады. Яғни, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша өтінімдер тек электронды форматта қабылданады.
Аталған бұйрыққа сәйкес: жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға бір жылдан астам жұмыс істейтін, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер жіберіледі; облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада қызметін жүзеге асыратын жұмыс берушілер, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға екі жыл ішінде бір рет қатысады.
Қажетті ақпараттар үшін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына тел. 21248, 21183, 21839, 22847 хабарласып, кеңестер алуыңызға болады.
А.КІЛТБАЕВА,
Қаратал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры