Бата беру дәстүрі – тәрбиенің бастауы. Наурыз мейрамы қарасында аудандық мәдениет үйінде бата беру дәстүрін дәріптеу, батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында аудандық «Батагөй» байқауы өткізілді. Үштөбе қаласы мен ауылдық округтардан жас ерекшелігіне қарай 9 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша әр қатысқан үміткерлерге иықтарына шапан жабылып, алғыс хат табыс етілді.

