Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз – жаңару мейрамы.

 

Бүгін Қаратал ауданы Айту би ауылдық округінің аналар кеңесі мен ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен «Көрісу күні» өткізілді.Ауыл тұрғындары «көрісу» мен «ашамайға мінгізу» дәстүрлерін көрсетті.Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде-сыйлары да міндетті түрде бір-бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуанышты болады.

Қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі – “ашамайға мінгізу”. Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш рет атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны “ашамайға мінгізу” не “ашамай тойы”, енді бір аумақтарда “ат мінгізу тойы”деп те атаған.

Шараның соңы аналар кеңесінің ұйымдастырған мерекелік концертімен жалғасып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *