Сауалнама

Әр азаматтың дауысы маңызды! 19 наурызға еліміздің дамуына жаңа серпін беретін саяси дода жоспарланған. Халық сайлаған әр депутат елдің ертеңіне елеулі үлес қосса дейді жұртшылық. Халық қалаулыларынан күтеріміз көп деген бұқараның сайлау туралы пікірі қандай?

Қарлығаш ҚАЛИЕВА, жеке кәсіпкер:

– Қазақстандықтар үшін парламент пен мәслихаттардың саяси жаңаруы символикалық түрде көктемгі жаңару кезеңінде – Наурыз мейрамына қарсы өтеді. Бұл символизм жаңа күштердің келуін, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын және елдің одан әрі тұрақты және табысты дамуына бағытталған жаңа шешімдердің қабылдануын бейнелейді. Сайланатын депутат ханымдар мен мырзалардың барлығы да елімізге адал еңбек етіп, гүлденіп, көркеюіне септігін тигізе алатынына сенгіміз келеді. Сондықтан қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын депутаттарды сайлауымыз керек. Бос сөз бен уәденің қажеті жоқ.

Дайындаған: Балгерім ТҰМАН

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *