Сауалнама

Әр азаматтың дауысы маңызды! 19 наурызға еліміздің дамуына жаңа серпін беретін саяси дода жоспарланған. Халық сайлаған әр депутат елдің ертеңіне елеулі үлес қосса дейді жұртшылық. Халық қалаулыларынан күтеріміз көп деген бұқараның сайлау туралы пікірі қандай?

Дәнеш КӘГІЛІКОВ, Үшкөмей орталау мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

– Саяси дода арасында ең қызу, ең тартысты сайлау осы Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттығына өтетін сайлау екені даусыз. Бұл жолы да бәсекелестік көп. Бұған сайлауды өткізу туралы жоспарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдау барысында мәлімдеуі де себеп. Аяқ астынан қабылданған шешім емес, тиянақты зерделеуден кейін қабылданған саяси ұйғарым екені осыдан көрініп тұр. Ең бастысы халықшыл тұлғалар, елдік мүддені қара басының мүддесінен жоғары қоятын, айтары бар, идеялы азаматтар депутат болып сайланса игі.

Дайындаған: Балгерім ТҰМАН

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *