Сауалнама

Әр азаматтың дауысы маңызды! 19 наурызға еліміздің дамуына жаңа серпін беретін саяси дода жоспарланған. Халық сайлаған әр депутат елдің ертеңіне елеулі үлес қосса дейді жұртшылық. Халық қалаулыларынан күтеріміз көп деген бұқараның сайлау туралы пікірі қандай?

Бакытгуль ДЖУМАНБАЕВА, «Үштөбе – Айдын» ЖШС шебері:

– Бұл саяси науқанға әр қазақстандық қатысып, дауысын беру керек. Өз болашағымызды өзіміз жасауымыз қажет. Еліміздің одан әрі дамуы да, әр азаматтың жеке әл-ауқаты да, көбіне осы адамдардың шешімдеріне тәуелді болады. Сол себепті дұрыс таңдау жасайық. Біз бәріміз де сайлаудың әділ өтетініне сенім артамыз және бәсекеге қабілетті болады деген үмітіміз бар. Халықтың өзі лайықты депутаттарды сайлауы керек. Сайлауға әрдайым өз үлесімді қосып отырамын. Әрқашан әр сайлауға қатысамын. Әр азамат осы сайлаудың маңызын түсіну тиіс деп ойлаймын. Біз сол депутаттарды сайлап, олар біздің қоғамдық мәселелерді шешеді деп сайлаймыз. Сондықтан болашақ депуттар осыған үлкен мән берсе деймін.

Дайындаған: Балгерім ТҰМАН

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *